Қостанайда жан түршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
16:31, 31 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының Леонид Беда мен Баймағамбетов көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, салдарынан ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға 30 шілде күні таңертеңгі сағат 06:00 шамасында болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лада Приора» мен «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жол апатының анық-қанығын зерттеуде. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды», - деп хабарлайды ведомстводан.
Көлік апаты кезінде «Лада Гранта» жүргізушісінің қабырғасы бірнеше жерден сынып, ауруханаға жеткізілген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Фото әлеуметтік желіден алынған