Жексенбі күні жауған жаңбырдың әсерінен Затобольск ауылындағы Ворошилов көшесін су басып қалған. Ал жолаушылар мінген такси шалшық судан шыға алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, су көліктің ішіне дейін кіріп кеткен. Автокөлік өздігінен оталмай, шалшықтан шығуға ауыл тұрғындары көмектескен.