Ескерткіш қоюшы топтың бірі - «Асалия» компаниясының директоры Дулат Шаяхметовтің айтуынша, батыр бейнесі жақын күндері қойылады. Еске салсақ, ағымдағы жылдың наурыз айында бастамашыл топ билікке ескерткіш орнатуды ұсынған болатын.
Айта кетейік, Шақшақ Жәнібек ескерткіші Уральская, Карбышев және Мәуленов көшелерін жалғайтын айналмалы жолдың ортасына қойылмақ. Батыр ескерткішінің биіктігі -14,45 метр.