Қостанай облысы ІІД басқармасының басшысы Елена Кашарина мәлім еткендей, 12 наурызда шамамен сағат 20.00-де Баймағамбетов-Гвардейская көшелерінің қиылысында болжам бойынша «Мерседес 180» маркалы көліктің жүргізушісі жол-көлік ережесін өрескел бұза отырып, бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 28 жастағы қала тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетейік, бұл жыл басынан бері Қостанайда жүргізушілердің жол-көлік апатынан кейін ізін суытқан тоғызыншы оқиға.