Оқиға кеше кешкісін болған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер өміріне араша бола алмады.
«26 тамызда Маяковский көшесінің бойында сағат 17:00 шамасында 61 жастағы жүргізуші «Honda» көлігін тізгіндеп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен жолдан өтіп бара жатқан 50 жастағы Қостанай тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел ауруханаға жеткізілді, алайда ол кейін көз жұмды», - деп түсіндірді Полиция департаментінде.
Аталған факті бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.