Қостанайда жекеменшік балабақша қызметкерлері балаларға қатыгездік танытқан

Фото: pixabay

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Полиция департаменті балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, оларға қатыгездікпен қарау фактісі негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде балабақша әкімшілігінің балаларға бірнеше мәрте қаталдық танытқаны айтылады.

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы бойынша өндіріске енгізілді. Әңгіме балалардың күтіміне жауапты мекеме педагогтерінің немесе басқа да қызметкерлерінің әрекетіне қатысты болып отыр.

Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осыған дейін қайтарылған активтер есебінен СҚО-да балабақша салынып жатқаны туралы жаздық.