Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады. Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Рудный қаласындағы 25 жастағы әйелді ұстады.
«Күдікті 9 қыркүйек күні 29 жастағы Рудный қаласының тұрғынына 24 жастағы қызды 60 мың теңгеге ұсынған. Осы факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
24 жастағы қыздың жезөкшелікпен айналысуына «жағдай жасаған» әйелдің қылмысы ашылса, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, жыл басынан бері ІІД қызметкерлері облыс бойынша 9 жеңгетайлық фактісін анықтаған.