«18 қаңтар күні сағат 14.30-да «Қостанай-Қарабұтақ» бағытындағы тасжолда 34 жастағы жүргізуші «Renault Duster» автокөлігімен қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Renault Duster» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды»,- дейді полиция департаментіндегілер.
Автобус жергілікті ұйымдардың біріне тиесілі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.