Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел тобы басшысының орынбасары Сергей Шмидтің айтуынша, баланы іздеу «кәріс көпірі» аумағында жалғасып жатыр.
«Тобыл өзенін қайықпен тексеруде. Іздеу жұмыстарына 13 адам мен сүңгуірлер де жұмылдырылған. Өзеннің қатты ағысы оларға кедергі келтіруде. Сүңгуірлер барлық арналармен жүріп өтіп, екінші рет қарап шығуға кетті. Қайықтар Жамбыл ауылына қарай бағыт алды», - деп хабарлады Сергей Шмидт.
Бұған қоса, Игорь Коцкийді іздестіруге еріктілер де қатысуда, олар саяжайларды, бос қалған ғимараттарды және куәгерлерді іздестіруде.
Естеріңізге сала кетейік, 8 жастағы Игорь Коцкий 4 шілде күні Қостанайдағы «Восток» дүкенінің маңынан із-түссіз жоғалып кеткен.