Қостанайда жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылды
13:49, 27 Қазан 2018
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен Әулиекөл ауданының тұрғынын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2018 жылдың 2 қазанында жоғалып кеткен Ольга Сальник табылды. Ол Қостанайдағы құрбысының үйінде болған», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, 29 жастағы Ольга Сальник 2 қазан күні Әулиекөл ауданындағы үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Ол әпкесіне дәріханаға барып келетінін айтқан.