Өңірде сыбайлас жемқорлықпен күрессу мақсатындағы «Қоғамдық обудсмен» қабылдауы жұмыс істей бастады. Мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне қатысты рейдтік шара жүргізіледі, ол қызметкерлердің адалдық дәрежесін, сонымен бірге этикалық мінез-құлықты бағалауға мүмкіндік береді. Осындай шаралардың нәтижелерін «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов айтып берді.
«Қостанай қаласы ІІБ көші-қон полициясы қызметкері жеке көліктерімен жол ережелерін бұзғаны анықталды. Мұндай шаралар тұрақты негізде жүргізіліп және оның жұмысына қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері тартылатын болады, - деді Т. Байғұлов.