Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.
«Бүгін «Қостанай - Мамлют» тасжолының 77 шақырымында «Кia Carens» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол уақытта «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан соң жеңіл автокөлік жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушы көз жұмды», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.