Қостанай облысы ІІД басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, «акция жолда жарақаттану немесе адам өлімі оқиғалары сияқты өзекті мәселелеріне қоғам назарын аударды».
Акция барысында көлік құралын алкогольді ішкілік ішіп, мас күйінде жүргізген 82 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Жылдамдықты арттырған жүргізушілерге қатысты 530 хаттама толтырылды.