Қостанайда жолаушылар мінген автобус өртенді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Астанаға бағыт алған қалааралық жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды «Наша газета».    

Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдай 2 шілде күні сағат 23.30-да Новонежинка кенті маңында болған.  Оқиғадан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекпеген.

Автобус Лисаковск - Астана бағытымен жолға шыққан. Өрттің шығуына көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.