Сондай-ақ «Қазавтожол» РМК-ның хабарлауынша, қолайсыз ауа райынан күре жолдардың төрт учаскесі жабылған. Атап айтқанда, «Қарабұтақ-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» күре жолының учаскесі жабылды. Денисовка-Жітіқара және Жітіқара-РФ шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолы Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Рудный қаласына дейінгі учаскесінде жабық. Қозғалыс үшін ашық күре жолдарда қар тазалайтын техника жұмыс істеуде.
«Қазгидромет» РМК-ның жергілікті филиалының ақпаратынша, облыста қатты боранның соғуына скандинавиялық антициклон себеп болған. Ол әлі бір тәуліктей уақытқа жалғасады.