Қостанайда жүргізуші әйел екі қызды қағып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда рөлдегі келіншек екі кішкентай қызды көлікпен соғып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Toyota Camry» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Гоголь көшесінің бойымен келе жатып, Алтынсарин көшесіне бұрылған кезде жаяу келе жатқан 11 және 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан қыздар аздап дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.

Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, көлік жүргізушісінің ішімдік ішпегені, яғни оқиға абайсызда болғаны анықталды. Жүргізуші әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.