Қостанайда жүргізуші полиция ғимараты ауласындағы бағанды құлатты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық Полиция департаменті ғимараты алдындағы тас бағанға соғылған «Тойота» жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Toyota Surf» автокөлігін мінген 25 жастағы ер адам Баймағамбетов көшесінің бойындағы шам бағанына соғылды. Ол көлік руліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталды. Кінәсі дәлелденсе, ол бес жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.