Басқарма басшысының пікірінше, бұл жүйе өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек. Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қостыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жануарлар жоғалған жағдайда фотосуреттер мен өзіне ғана тән ерекшелігі олардың жылдам табылуына ықпал ететін болады. Былтыр облыста 2265 жылқыға чиптеу жүйесі енгізілді.
«2018 жылы бұл жоба пилоттық режімде іске асты. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жоспар бойынша, әуелі, 50 жылқыға GPS-навигатор құрылғысын орнатамыз. Бұл 3000 түліктің жайылып жүрген жерлерін көрсетуге мүмкіндік береді», - дейді Берікжан Қайыпбай.
GPS-бақылау құрылғысы малдың мойнына тағылатын қарғыға оңай бекітіліп, GPS спутникті дабыл арқылы малдың жүрген жерін анықтайды. Аталған мәліметтер ұялы байланыс желісі арқылы мал иесінің компьютеріне немесе ұялы телефонына түсіп отырады
Қостанайдағы цифрландыру саласының тағы бір жаңалығы - «Ақылды сүт фермасы» жобасы. Бұл жаңшылдықты Қостанайда жүзеге асыру үшін Австрия елінен сарапшы мамандар арнайы шақыртылды. Олар облыстағы «Садчиков» ЖШС-ны Smaxtec бағдарламалық-аппараттық жүйесіне қосты. Бұл технологияның артықшылығы мынада: «болюс» атты арнайы құрылғы сиырлардың ауыз қуысы арқылы қарнына жіберіліп, сол арқылы жануардың жалпы жағдайын, негізгі физиологиялық параметрлерін толықтай бақылап отыруға болады. Әр бес минут сайын температура қадағалауда болады. Бұл жануардың ауру-сырқауының алдын алуға арналған тың тәсіл.
Сондай-ақ, құрылғы қозғалыс белсенділігі туралы ақпарат беріп отырады. Ол арқылы сиырдың ұрықтандыруға әзірлігі анықталады. Әлем бойынша әзірге теңдесі жоқ осынау «болюс» құрылғысы, шамамен, сиырдың ішкі құрылысында бес жылға дейін сақталады.