16 жастағы жасөспірімнің жанжал кезінде ыстық үтікпен күйдірілгені белгілі болды. Аталған іске мекеме тәрбиешілерінің бірінің қатысы бар болуы мүмкін. Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
— Полиция Қостанайдағы дамуында ауытқуы бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер орталығында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-пункті бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын, оның себептері мен құқықбұзушылық жасауға не итермелегенін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген тәртіп сақшылары таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Сарыағашта мүгедектігі бар баланы еденде сүйреген қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.