Қостанайдағы Рудный индустриялық институты университетке айналады

Қостанай обысының Рудный қаласында орналасқан индустриялық институттың атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: pixabay.com

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып аталсын», – делінген Ашық НҚА порталында министр Саясат Нұрбектің бұйрық-жобасында.

Құжат 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін ведомство басшысы қол қойған күннен қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді.