Қостанайдағы балаларға арналған сауықтыру лагерьлері бірінші демалушыларын қабылдады

ҚОСТАНАЙ. 18 маусым. ҚазАқпарат - Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасында оналасқан қостанайлық балаларды сауықтыру орталығындағы бірінші жазғы маусым салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов қатысты.

Аймақ басшысы демалып жатқан оқушыларды маусымның ашылуымен құттықтап, оларға жарқын әрі ұмытылмас демалыс тіледі. Әкімнің хабарлауынша, облыстың қала сыртындағы 13 лагерьде екі мыңнан астам балалар демалуда, тағы бес мыңнан астамы мектеп жанында, шатырларда, экологиялық және спорттық лагерьлерде демалуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, лагерь Н.Сәдуақасовтан сыйлыққа спорттық құрал-жабдықтардың жиынтығын алды. Рудный және Қостанайдағы балалар үйінің түлек қыздары облыс басшысының қолынан планшеттік компьютерлер алды.