Қостанайдағы бірнеше ауылда уақытша жарық болмайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 26-27 қазан күндері аралығында Қостанай қаласына жақын орналасқан бірнеше ауылда жарық уақытша сөндіріледі. Мұндай хабарлама «ЭПК-forfait» қалалық электр желілері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті абонеттер! Жоспарлы жұмыстарды орындауға байланысты қала маңындағы бірнеше селода жарық беру уақытша тоқтатылады.

26 қазанда сағат 10:00-17:00 аралығында Бегежан, Ульянов селоларында жарық ажыратылады. Ал 12:00 мен 17:00 аралығында Шишкин және Жуков ауылдарында жарық сөндіріледі. 27 қазан күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Надеждин, Майкөл селоларында электр жарығы болмайды. Сонымен қатар, 26-27 қазан күндері сағат 10:00-17:30 аралығында Жуков ауылының Школьная, Молодежная, Целинная көшелері электр желілерінен ажыратылады», - делінген хабарламада.

Қоса кетсек, таяуда Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр энергиясы нарығына көп көлемде инвестиция тарту үшін қолданыстағы тарифті 1 МВт үшін айына 590 мың теңгеден 885 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды.










Ашық көздерден алынған фото