«Қостанай Су» коммуналдық мекемесінің баспасөз хатшысы Мая Ақбасованың айтуынша, ауыз судың тоқтатылуына апаттық жағдайлар себеп болған.
«26 ақпан күні таңғы 07:38-де Амангелді-1 мамыр көшелерінің қиылысындағы құбыр желісінің істен шыққаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар су беруді тоқтатты. Сол себепті бірнеше көшенің бойындағы тұрғын үйлер ауыз судан ажырап қалды. Жөндеу жұмыстары бүгін аяқталды», - деді Ақбасова агенттік тілшісіне.
Кейін анықталғандай көше қиылысындағы диаметрі 200 мм құбыр желісі жарылған. «Қостанай Су» мамандарының айтуынша, құбыр 48 жылдан бері пайдаланылып келеді.