Қоғамдық тыңдаудабастамашыл топтың өкілдері баяндама жасады. Автомобиль транспорты колледжініңтехникалық бөлімінің басшысы ВладимирЗакалюжныйдың сөзінше, педагогтар мен студенттер қаладағы Гагарин көшесін ҚРТұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру жөнінде ұжымдық хат жазған.
«ҚР ПрезидентіҚ.Тоқаев Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың есімін облыс орталықтарындағыкөшелердің біріне беру туралы бастама көтерді. Біздің ұжым мұны бірауызданқолдады. Елбасының стратегиялық бастамаларының арқасында Қазақстанинтеграциялық үдерістердің басты локомотивіне айналды. Республикамыз ірі жәнебеделді халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы саналады. НұрсұлтанНазарбаев экономиканы қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесіндетехникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше мән берді. Біздің колледжГагарин көшесінде орналасқан. Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан алғашқы адам.Әлемдегі алғашқы ғарышкердің аты ұмытылмайды. Алайда, Елбасының еңбегі лайықтыбағасын алуы тиіс», – деді Владимир Закалюжный.
Колледждіңұсынысын «АгромашХолдинг» кәсіпорнының директоры Сергей Могилатов та іліпәкетті.
- Қоғамдықтыңдауда ел пікірі, ұсыныстары талқыға түседі. Сол себепті, қазіргі Гагаринкөшесінің бойында орналасқан біздің кәсіпорын ұжымы колледждің бастамасынқолдайды. Өйткені, 1982 Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы арқылы Қостанай дизельзауыты ашылды. Содан бастап, өңірде машина құрастыру саласы қарыштап дамыды.Биыл мұнда 24 мың автокөлік шығарылады, - деді кәсіпорын директоры.
Бастамашыл топЮрий Гагарин есімін Гвардейский көшесіне көшіру туралы мәселені маңызды депесептейді. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты толығымен қолдады. Ал Гагаринкөшесін ҚР Тұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру ұсынысы республикалықономастикалық комиссияда қаралатын болды.