Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Қостанайдағы филиалына тиесілі локомотив КамАз жүк көлігімен соқтығысқан.
«Оқиға «Жітіқара-Пригородный» теміржол бағытында болды. КамАз жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігіне көз жеткізбей, рельс үстінде келе жатқан локомотивке соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған жоқ» , - деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.
Аталған факт бойынша КамАз жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.