«Сот Бескровный Сергей Васильевичті айыпты деп танып, оны 5 жыл бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол енді басшылық қызметтерді атқара алмайды», - деп мәлімдеді сотта.
Бескровный жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ол сот залында тұтқындалды.
Былтыр қыркүйекте Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде өрт болды.
Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкенінде болған жарылыс пен өрт салдарынан 4 адам қаза тауып, 7 адам зардап шеккен болатын.
Жанна Мұсабаева