Қостанайдағы көлік тұрағынан арыстан табылды

ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қостанайда жергілікті тұрғын қаладағы көлік тұрақтарының бірінен "Газель" көлігіне жасырылған арыстан тауып алған, деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.

"Тамыздың 23-інде полицияға жергілікті тұрғын қаладағы көлік тұрақтарының бірінен "Газель" көлігіне жасырылған арыстан тауып алғандығы туралы хабарлаған",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен. Белгілі болғандай, ол таңертең тұрақтағы көлігіне келгенде, "Газель" көлігінің ішінен жануарды көрген.

Полиция аңның "Экватор" атты цирктің иесі, жергілікті кәсіпкерге тиесілі екендігін анықтаған. Ол арыстанды Қарағандының циркінен сатып алып, өте кеш келгендіктен тұрақта қалдырып кеткен.