Оқиға Қостанайдағы Бородин-Амангелді көшелерінің қиылысында болған. Бородин көшесінде келе жатқан 29 жастағы «Yamaha» мотоциклінің жүргізушісі «Mitsubishi» көлігін барып соққан. Салдарынан мотоциклші оқиға орнында көз жұмды. Ал автокөлік иесіне амбулаториялық көмек көрсетілді.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы») бойынша тергеу шаралары басталды.