Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеңіл автокөлік Арқалық-Торғай бағытында келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасынан бір жарым жасар қыз бала зардап шекті. Оның оң қолына шынтақ буыны деңгейінде ампутация жүргізілді. Баланың жағдайы бірқалыпты» - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір сәби облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Қасында анасы бар.