Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысын процессуалдық прокурор өз бақылауына алған .
«Ірі жол-көлік апаты кезінде Infiniti көлігінде болған 1994 жылы туған бойжеткеннің аяғы ауыр. Қазіргі күні күдікті дәрігерлердің бақылауында. Оның ісі сот арқылы шешілетін болады», - деді Қостанай облыстық ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.