Әлеуметтік желіде босанған әйелдер қаладағы жоспарлы өшіру кезінде медициналық мекемеде қиындықтар туындағанын жазған.
Пациенттердің бірі босанғаннан кейін әйелдердің не өздері, не сәбилерін дұрыс жуындыра алмай отырғанын айтқан.
Пікір қалдырған басқа қолданушылар да мұндай жағдай алғаш рет емес екенін жазды.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға байланысты түсініктеме берді.
Мекеме мәліметінше, ыстық су жоспарлы түрде тоқтатылған кезеңде орталықта резервтік су жылытқыштары пайдаланылады.
— Қазір перинаталдық орталықта 18 резервтік су жылытқышы жұмыс істейді. Олар босану залдарына, босанғаннан кейінгі бөлімдерге, гинекологияға, операциялық блокқа, жансақтау және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімдеріне орнатылған, — деп хабарлады мекеме өкілдері.
Дегенмен әр палатаға су жылытқыш қою техникалық тұрғыда мүмкін емес екені айтылды.
Медицина мекемесі өкілдерінің түсіндіруінше, ғимараттағы электр желісінің қуаты шектеулі.
Салдарынан желіге артық күш түссе, электр энергиясы өшіп, медициналық құрылғылардың жұмысы бұзылуы мүмкін.
Бұл әсіресе операциялық бөлімдер мен жаңа туған сәбилердің жансақтау бөлімінің жұмысына қауіп төндіреді.
Осыған дейін 2026 жылдың наурыз айында Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияда туберкулез дерегі тіркелгені туралы жаздық.