Қостанайды көгалдандыруға 25 млн. теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда қаланы санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясына жергілікті тұрғындар белсенді қатысуда.

Аталмыш шара барысында ТКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдері 200-ге жуық көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Биылғы жылы Қостанайды көгалдандыруға 25 млн. теңге бөлінген, ал жас көшеттердің күтіміне 18,8 млн. теңге жұмсалады.