Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасына қатысты адам өлтіруге оқталды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін дәстүрлі апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Бас прокуратурасы  Панзабековке қатысты көп адамның өміріне қауіп төндіре отырып, бір немесе бірнеше адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша айып тағылып, Панзабековты қамауға алуға санкция берілді. Алдын ала тергеуді ішкі істер органдары жүргізуде»,-деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Е. Панзабеков аңшы мылтығынан бұрынғы зайыбы отырған автокөлікке оқ атқан. Абырой болғанда, атылған оқ мүлт кетіп, адамға емес көлікке тиген.