Қостанайдың «Тобол» футбол клубы қайырымдылық аукционын өткізді
Онда команданың 14 ойын жейдесі мен 1 футбол добы саудаға салынды. Клубтың интернет сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда оған "Тобылдың" әртүрлі жастағы жанкүйерлері жиналған. Ағылшындық әдіспен аукционда ең бірінші лотта саудаланғанына қарамастан №20 Ермек Қуантаевтың жейдесі ең жоғары бағаға сатылды. Қостанай футбол мектебі түлегінің сары-жасыл түсті жейдесі 9 мыңға теңге бағаланды. Оған деген қызығушылықтың жоғары болғаны сондай, аукционда бірегей лотта саудаға түскен 2010 жылғы үздік ойыншылардың бір саналатын чех легионері Филип Клапкидің жейдесі 8 мың теңгеге ғана сатылды. Ал "Тобылдың" барлық ойыншылары қолы қойылған футбол добы да одан 3 мың теңгеге арзан бағаға саудаланды. Қайырымдылық шарасынан жиналған 90500 теңге енді клуб қамқорлығындағы баланың мұқтажына жұмсалмақ.