«Тобыл» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан құрамасының футболшысы Роман Мұртазаев командамен қоштасты.
Сонымен қатар тәжірибелі легионерлер Джаба Канкава мен Ника Квеквескири де басқа командаға ауысты.
«Қостанайлық клубтан келісім-шарттарының аяқталуына байланысты Сенин Себаи, Петрос Аветисян, Арман Оганесяндар кетті. Олардың нақты қандай клубтарда өнер көрсететіні белгісіз», - деп жауап берді «Тобылдың»баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2020 жылы футболдан Премьер-лиганың ел біріншілігінде «Тобыл» күміс жүлдеге ие болды .