АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылына» сербиялық Боян Младович алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Б.Младович маусымаралық кезеңде командаға келген екінші ойыншы болды.
Младович өзінің ойын мансабын Сербияда өткізді. «Trepсa», «Мокра Гора», «Телеоптик», «Бачка», «Индия», «Металац» және «Раднички» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Ол «Тобылға» дейін «Младост Лучаниде» доп тепті.
Боян Младович – орталық қорғаушы, сонымен қатар сол қапталда да ойнай алады.
Футболшының «Тобылмен» келісім-шарты бір жылға есептелген.
Младовичтің туған күні: 16 қазан 1995, бойы: 188 см, салмағы: 81 кг.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың «Аль-Наср» құрамында алғашқы голын соққанын жазған болатынбыз.
https://vk.com/fctobol
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).