Қостанайдың жол полиция қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» шарасының қорытындыларын шығарды
12:26, 08 Қыркүйек 2010
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың жол полиция қызметкерлері тамыздың 31-не бастап қыркүйектің 6-сы аралығында өткен «Назар аударыңыз, балалар!» атты жедел-алдын алу шарасының қорытындыларын шығарды.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері барлық білім беру мекемелерінде болып, кездесулер өткізген, алғашқы қоңырауларда сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына арналған әртүрлі байқаулар жүргізді.
Қостанай облысы ІІД басқармасының бастығы Елена Кашарина хабарлағандай, облыс жолдарындағы апат санын азайту бағытында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілген. «Жеде-алдын алу операциясы өткен кезеңде 5 жасар бала зардап шеккен бір жол-көлік оқиғасы орын алды», - деп атап өтті Е. Кашарина.
Үстіміздегі жылдың 8 айында Қостанай облысы бойынша балалардың қатысуымен орын алған 72 жол-көлік апаты болған екен, апаттар салдарынан 2 бала қаза тауып, 70-і әртүрлі жарақат алған.