Қостанайдың жол полиция қызметкерлері өрт кезінде бір отбасыны аман алып қалды

ҚОСТАНАЙ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - 11 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы ІІД жол полициясы батальонының қызметкерлері өрт кезінде бір отбасыны ажалдан құтқарып қалды.

Жол полициясы автопатрулінің қызметкерлері жекеменшік сектордан қара түтіннің шығып жатқанын көрген. Гагарин көшесі бойында орналасқан үйлердің біріндегі монша отқа оранған екен. Полиция қызметкерлері қаперсіз ұйықтап жатқан үйдің иелерін оятқан.

Үйдің иесі өртті сөндірмек болғанымен, өрт тұйықталмады. Оған қоса құрылыстың шатыры опырылып құлап кетті. Полицейлер құтқарушыларды шақырған. Өрт сөндіру қызметінің күшімен жалын екі сағаттан кейін сөндірілді.