"Мәселен, 2019 жылы «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ мен «С.П. Жулёва» шаруа қожалығы арасында ауданы 2 201,9 га мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жасалды.
2021 жылдың наурызыңда «С.П. Жулёва» ШҚ өз шешімімен шаруа қожалығынан «Шағатай Агро» ЖШС-не бөлу жолымен жалған қайта құруды жүргізеді, оның құрылтайшысы да С.П. Жулёва.
2021 жылдың сәуірінде Михайловск орман шаруашылығы мекемесі «Шағатай Агро» ЖШС-мен 49 жылға дейінгі мерзімге орман пайдалану құқығымен қосымша келісім жасасады.
Алайда, Орман кодексінің 35-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың басынан бастап мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын электрондық нысанда пайдалана отырып, тендер өткізу жолымен ғана жүргізіледі", - деп жазды прокуратурадан.
Мәліметке қарағанда, кадастрлық құны 30,5 млн теңге болатын 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы негізсіз иеліктен шығарудың алдын алған қадағалау актісін енгізді.