ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - «Бағбан-Құрылысшы» бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖД күшімен 27 литрден 3 газ баллоны эвакуацияланды.
Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17.21-де толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деп болжанып отыр.
Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамның 8 адамы 2 техникасы жұмылдырылды.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.