Оған Рудный қаласының азаматшасын заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылуда.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Мереке Әлшағыров хабарлағандай, 19 жасар қыз зорлау оқиғасына қатысты зардап шеккен тұлға болып табылады. Осы іске қатысты күдіктілердің адвокаты оны дәмханаға шақырып, жалдамалы пәтерге күшпен алып келеді. Содан кейін қыздың ұялы телефонын тартып алып, осы пәтерде бірнеше күн қатарынан заңсыз қамауда ұстайды. Зардап шеккен азаматшаның айтуынша, адвокат оны күдікті азаматтарға қатысты жалған куәгерлік жасауға үгіттеген.
15 ақпан күні адвокат зардап шеккен азаматшаны кезекті сот отырысына алып келгенде, оны полицейлер тұтқынға алды. Күдікті азамат қандай да бір анықтама беруден бас тартты.
Қазіргі уақытта ол тұтқынға алынды. ҚР ҚК 126-бабы 2-тарауы «Заңсыз бостандықтан айыру» және ҚР ҚК 354-бабының «жалған куәгерлік жасауға итермелеу және сатып алу» бойынша қылмыстық істер қозғалды.