Ордендер және медальдармен бірге табыс етілген куәліктерге Ресей Президенті Владимир Путиннің қолы қойылған.
Қостанай ардагерлер кеңесінде соғыс ардагері Василий Коштенконың ұлы мен немересіне Қызыл Жұлдыз ордені салтанатты түрде тапсырылды. Сондай-ақ Ресей елшілігінің кеңесшісі ардагерлер Бертран Рубинштейн мен Михаил Кондратенконың үйіне барып қайтты.
«1941 жылдың желтоқсан айында, қақаған аязда кеңес әскері өз жанын қиып, кеңес мемлекетінің астанасы - Мәскеу қаласын қорғады. Құрметті ардагерлер, Мәскеу үшін айқастың 75 жылдығына орай Ресей Президентінің атынан естелік төсбелгілерді табыс етуге рұқсат етіңіздер», - деп атап өтті Елена Лысенко.