Қостанайлық әртістер тарихи қойылымның тұсаукесерін Моңғолияда өткізді

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры «Ботақара-Шешенбике» тарихи драмасының тұсаукесерін Моңғолияның Баян-Өлгий қаласында өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Театрдың көркемдікжетекшісі Әлия Баймахан сахналаған ақын, драматург Әскерхан Ақтайдың туындысыел мен жер, бірлік тақырыбын ту еткен. Драмада қазақ пен қалмақ арасындағысоғыс қана емес, бейбітшілікке ұмтылыс, достық, шынайы махаббат суреттеледі.Ұжым директоры Сабыралы Кемелбаев ынтымақ, татулық тәуелсіз Қазақ елінің дебасты ұстанымы екенін атап өтті.

«Ботақара батыр мен жоңғар ханымы Шешенбикенің есіміғасырлар бойы сақталып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Олардың көксеген мақсатықай дәуірде де маңызды. Қарағанды облысы, Балқаш өңірінде Ботақара мен Шешенбикетауы бар. Ботақара батыр өмірін қазақ даласын жаудан азат етуге арнады. Оныңарманы киіз туырлықты көшпелі ел қазақ пен қалмақтың басын қосып, келісіморнату еді. Бұл ойын жоңғар тәйжісінің қызы Шешенбике де қолдады. Драма осынаутарихи оқиғаны арқау етті. Қойылымды Баян-Өлгийдегі бауырлар өте жақсықабылдады. Кәсіби сыншылар да жоғары бағасын берді. Әртістерге көрермендерорнынан тік тұрып қошемет көрсетті», - деді Сабыралы Кемелбаев агенттіктілшісіне берген сұхбатында.

Басты рөлдерді сомдаған Асылан Кенжетай мен Мөлдір ҚұбашМоңғолияның «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. АктерБақытжан Таңатқанұлыныңсөзінше, қостанайлықтардың Баян-Өлгийдегі гастрольдік сапары әлі жалғасады.


«Бізді шекарадан қандастарымыз шашу шашып, ән-күймен, жырменқарсы алды. Аяқ-қолымызды жерге тигізбей, аймақ орталығына алып келді. Шетелдеқазақтардың былайша тойын жасап, ас беріп, емін-еркін өмір сүріп отырғанынамарқайып қалдық. Ағайындарымыздың жергілікті ұлтпен тату отыруына тарихымыздағыБотақара, Шешенбике секілді тұлғаларымыздың дәнекер болуы себеп болғанынакөзіміз жетті. Ал спектакль премьерасына Қазақстандағы, Ресейдегі, МоңғолиядағыДүниежүзі қазақтары қауымдастығы өкілдері, мемлекеттік лауазымдағы азаматтаркеліп жатыр. Ал біз қойылымды сахналаған М.Құрманханұлы атындағы музыкалықдрама театр өз алдына бір үлкен мектеп. Алыстағы ағайынның тірлігіне өте разыболып бара жатырмыз», – деді театр актері Бақытжан Таңатқанұлы.

«Ботақара-Шешенбикеден» бөлек, өнер ұжымы Жолтай Әлмашұлының«Мұңмен алысқан адам» спектаклін көрерменге ұсынды.


Соңғы жаңалықтар