Қайғылы оқиға Қарасу ауданында болған. 33 жастағы әйел өз үйінде таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішеді.Түн ортасына қарай күдіктінің бір қонағы үйден кетіп қалған.
"Күдікті үйдің дәлізінде ұйықтап жатқан екінші танысын көреді. Мұнан соң олардың арасында жанжал туындаған. Сәлден кейін ол танысының басына балтамен алты соққы жұмсайды. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Енді 33 жастағы әйел ҚР ҚК 99-бабы бойынша сот алдында жауап береді.