Қайғылы оқиға облыс орталығында болған.
«Сьянов көшесіндегі үйден аяусыздықпен өлтірілген 25 жастағы жігіттің денесі табылды. Жедел-із кесу шаралары бойынша күдікті ұсталды. Жігітті пышақтаған өзінің анасы екені анықталды», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.
Қазіргі уақытта «Кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.