Осымен үшінші мәрте өткізіліп отырған автошеруге тек қана нәзік жандылар қатысты. Автошеру «Астықжан» сауда орталығынан басталып, «Қостанай Плаза» ойын-сауық, сауда орталығы мәреге жетті.Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының қызметкері Жұпар Қожахметтің сөзінше, бұл шараның талабы біреу-ақ. Бойжеткендер жол қозғалысы ережелерін сақтап, мәреге бірінші жетуі тиіс.
«Автошеруге 20-дан астам көлік қатыстырылды. Барлығының көліктері техникалық талаптарға сай болды. Олар мәреге дейін жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен бірге жүрді. Әр қатысушы автокөлікті өздерінің қалауы бойынша безендірді. Қатысушылардың бәріне бірдей сыйлықтар берілді. Кейін солардың құрметіне концерттік бағдарлама қойылды», - деді ол агенттік тілшісіне.
Ұйымдастырушылар «Ең креативті безендіру» аталымында жеңіске жеткен Әйгерім Қазанбасованы марапаттады. Оның жасы 21-де, мамандығы - архитектор. Әйгерім бұл шеруге бірінші рет қатысып отыр.
Жастар орталығының мәліметінше, мұндай автошерулер енді дәстүрлі түрде өткізіледі.