Қостанайлық бойжеткен өмірін құтқарып қалған жігітке іздеу салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайлық бойжеткен Тобыл өзеніне батып бара жатқан жерінен өмірін құтқарып қалған бейтаныс жігітке іздеу салды, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Дарья Войтенко 4 қыркүйек күні Гагарина көшесі бойындағы су тоғанына батып кете жаздаған. Сол сәтте бейтаныс жігіт оны құтқарып қалған.

«Сол жігітке көп рахмет айтқым келеді. Егер ол болмаса, менің құрбыларым мені құтқарып қала алмас еді. Сол сәтте есім шығып жүріп, оған алғыс айта алмай қалдым. Егер сен осы сөздерімді оқып отырған болсаң, бір хабар берші. Саған жеке алғыс айтқым келеді», - дейді Дарья.