Техника республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған. Қазіргі заманға сай бұл медициналық көліктердің құны шамамен 70 млн. теңгені құрайды.
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетовтің айтуынша, жаңа техника дәрігерлердің жәрдем көрсету жұмысына көп септігін тигізеді.
Әкім С. Кулагин атап өткендей, бүгінгі таңда денсаулық сақтау қызметінің басты міндеті ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін азайту болып табылады.