Жергілікті құзырлы органнан мәлімдегендей, аталған орталықтың қзыметкерлері мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған азаматтарды куәландыру кезінде талдама нәтижесін бұрмалаған.
«Оларға куәландыру нәтижелерін бұрмалап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметтеріне сай, заңсыз әрекеттер нәтижесінде азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен және көлік құралын басқару құқығынан айырудан жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл іске қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп мәлім етті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен.
Қоса кетсек, бүгін белгілі болғандай, Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды.