Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды.
«2011 жылы туған баланың денесіне суық өткен. Пневмония диагнозы қойылды. Өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ», - деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қайғылы оқиға кеше болған. Полицейлер жасанды су қоймасынан үш баланы алып шықты. Олар мұз үстінде ойнап жүргенде жұқа мұз ойылып, жеткіншектер абайсызда суға түсіп кеткен.